Моңғолия парламенті 2026 жылғы бюджетті мақұлдады
АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы 2026 жылға арналған бюджет туралы Заңды бекітті, деп хабарлайды Монцамэ.
2026 жылғы бюджет Заңына сәйкес, жалпы теңдестірілген бюджет кірістері 31,930 трлн төгрөгті құрайды, бұл ЖІӨ-нің 31,2%-ына тең.
Жалпы шығыстар 32,980 трлн төгрөг, яғни ЖІӨ-нің 32,2%-ының шамасында болса, ал жалпы дефицит 1,05 трлн төгрөгті, яғни ЖІӨ-нің 1,0%-ын құрайды.
2026 жылғы бюджет Заңына сәйкес негізгі қаражаттар:
-
Мұғалімдердің негізгі жалақысын көтеруге 518,62 млрд төгрөг бөлінді;
-
Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеруге 19,3 млрд төгрөг;
-
Зейнетақыны 8,6%-ға арттыруға 145 млрд төгрөг бөлінді;
-
Мүгедектерге арналған зейнетақылар мен бала күтіміне арналған жәрдемақылар 20%-ға артты, бұл ай сайынғы төлемді 80 мың төгрөгке дейін жеткізді.
Бұл түзетулер шығыстарды 29,3 млрд төгрөгке арттырады, нәтижесінде жалпы шығыстар 969,12 млрд төгрөгке жетеді.
Жалпы ағымдағы шығыстардың өсуін өтеу үшін 2026 жылғы бюджет шығыстарды оңтайландыру шараларын қарастырады, соның ішінде ағымдағы шығыстарды 990,17 млрд төгрөгке, ал капиталдық шығыстарды 361,14 млрд төгрөгке қысқарту.
Атап айтқанда, жаңа жабдық сатып алуға бөлінген қаражат 50%-ға қысқартылып, ресурстар басым бағыттағы жол-көлік және инвестициялық жобаларға қайта бағытталды, бұл 2026 жылғы Моңғлияның даму жоспарының мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, Ұлы Мемлекеттік Хурал 2026 жылға арналған Ұлттық әл-ауқат қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының және Медицина сақтандыру қорының бюджет заңдарын да мақұлдады.
Осыған дейін Моңғолияның Конституциялық соты премьер-министрді отставкаға жіберу туралы Парламент қаулысын Конституцияға қайшы деп танығаны хабарланды.