18:40, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Мотоцикл жолаушысының мылтығы абайсызда атылып, жүргізушіге оқ тиді
АҚТӨБЕ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Айтеке би ауданында жазатайым оқиға салдарынан мотоцикл жолаушысының мылтығы атылып кетіп, жүргізушіге оқ тиды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Оқиға Ақкөл кентінен 4 шақырым жерде болды. «ИЖ» мотоциклының 28 жасар жүргізушісі, Ақкөл кентінің тұрғыны рөлді басқара алмауының салдарынан мотоцикл аударылып кетті.
Құлаған сәтте сондай-ақ жергілікті тұрғын болып табылатын мотоциклдегі 29 жасар жолаушының 12 калибрлі бір ауызды аңшылық мылтығынан абайсызда оқ атылып, жүргізушігің арқасына тиген. Арқасынан бытыралы жарақатын алған жүргізуші ішке қан құйылу салдарынан қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 101 бабымен («Абайсызда адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған қарудың кімге тиесілі анықтау үстінде. Күдікті азамат ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.