Мұғалімдер «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісімен марапатталмақ
««Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі 25 жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар ұстаздарға беріледі. Оның мақсаты – 25 жылдық ерен еңбегін елеп, осы қызметте сіңірген үлесін ескеру және оған ризашылық білдіру. Құрмет белгісі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, мамандандырылған арнайы білім беру орындарының, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектептердің педагогтеріне беріледі», - делінген министрлік құжатында.
Қаулы жобасы биылғы 5 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады.
Еске салсақ, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектепте жас мұғалімдерді қолдаудың жаңа форматы енгізілетінін мәлім еткен еді.