Мұғалімдердің анонимдік шағымдары неге қараусыз қалып жатыр — министрлік жауабы
АСТАНА. KAZINFORM –Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мұғалімдерді анонимдік шағымдары неге қараусыз қалып жатқанын түсіндірді.
— Заң бойынша анонимдік шағымдар тексеру жүргізуге негіз бола алмайды. Нақты фактілер мен дәлелдер болса ғана біз ресми тексеру жүргізе аламыз. Анонимді фактілер жалпы ақпарат ретінде ғана қаралады, — деді Серік Әшіров.
Сондай-ақ, ол 2025 жылы комитеттің аумақтық департаменттері 18 дерек бойынша тексеру жүргізгенін атап өтті.
— Оның ішінде педагогті кәсіби міндетінен тыс жұмыстарға тарту, мұғалімдерді газет-журналға күштеп жаздыру, түрлі іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеу сияқты фактілер анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды, — деді комитет басшысы.
Аталған іс-шарада Жаңа жылда мұғалімдерге неге жаппай сыйақы берілмейтіні айтылды.