Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

СІМ
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Мұрат Нұртілеудің еңбек жолы

ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташе (1998 ж)

ҚР Малайзиядағы Елшілігінің атташесі (1999-2003 жж)

ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы (2003-2004 жж)

ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2004-2006 жж)

ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы (2007 ж)

ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары; Аппарат басшысы (2007-2011 жж)

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2011 ж)

ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры (2011 ж)

ҚР Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкілі (2011-2014 жж)

ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары (2014-2016 жж)

ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016-2019 жж)

ҚР Президентінің көмекшісі (2019-2021 жж)

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2021-2022 жж)

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (2022 ж)

ҚР Әкімшілігінің Басшысы (2022-2023 ж)

ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі (2023 ж. 3 сәуір)

ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі (2024 жылғы 6 ақпан)

Бұған дейін Ержан Қазыхан Президенттің көмекшісі қызметінен босатылғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар