12:53, 07 Тамыз 2025 | GMT +5
Мьянма президентінің міндетін атқарушы Мьин Шве қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM — Мьянма президентінің міндетін атқарушы Мьин Шве 74 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Ол 2021 жылдың 1 ақпанындағы әскери төңкеріс нәтижесінде Вин Мьиннің орнына билікке келді.
Мьин Шве 7 тамыз күні таңертең астаналық Нейпьидо ауруханасында қайтыс болды.
Еске сала кетейік, Қытай-Мьянма әуе қатынасы жойқын зілзаладан кейін қайта жанданды.
1 шілде күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының әкімшілік орталығы — Куньмин мен Мьянманың Мандалай қаласы арасындағы екі бағыттағы әуе рейстері қайта басталды. Бұл бағыттағы қатынас наурыз айында Мьянмада болған жойқын зілзала салдарынан уақытша тоқтатылған болатын.