Мьянмада жанартаудың атқылағаны видеоға түсіп қалды — БАҚ

АСТАНА.KAZINFORM - Мьянмада жанартау атқылады, деп хабарлайды Chindwin News.

Извержение грязевого вулкана в Мьянме
Фото: Видеодан алынған скрин

- Жергілікті тұрғындар Нага ауылының жанындағы балшық жанартауының атқылауын алаңдаушылықпен бақылап отыр, - деп хабарлады ақпарат көзі.

Ауыл Мьянманың Ракхайн штатында орналасқан.

Жанартау аймақтағы жер сілкінісінен кейін атқылағаны мәлім болды.

- Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны жексенбі күні кешке 3564-ке жетті, деп жазды Синьхуа агенттігі Мьянманың мемлекеттік әкімшілік кеңесінің ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, табиғи апат салдарынан 5012 адам зардап шексе, 210 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Бұған дейін Бангкокта зілзаладан аман қалғандар іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар