Тайландтағы жер сілкінісі: туроператорларға эвакуациялау туралы өтініш түскен жоқ
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын кепілдендіру жүйесінен мәлім болды.

- Мьянмада 7,7 магнитудалы жер сілкінісі болғанына байланысты ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор»мекемесінің хабарлауынша, Андаман теңізі жағалауындағы (Пхукет, Као Лак, Краби) және Сиам шығанағындағы (Паттайя, Хуа Хин, Районг, Ко Чанг және Самуи аралдары) курорттардағы жағдай тұрақты, дүмпулер тіркелген жоқ,- деліген хабарламада.
Сонымен қатар онда Бангкок әуежайында уақытша ұшу-қону тоқтатылған болатын, қазір әуежай қалыпты жұмыс істеп тұрғаны айтылған.
- Қазіргі уақытта Таиландта 4457 қазақстандық турист бар. ҚР азаматтарының құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшісіне немесе жүйеге қатысушы туроператорларға эвакуациялау туралы өтініштер түскен жоқ, - деп хабарландырылды.
Осыған дейін Бангкоктағы Суварнабхуми әуежайы Мьянманың орталығында болған 7,7 балдық күшті жер сілкінісі және көршілес Таиландтағы жерасты дүмпулерінен кейін қалыпты жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеген болатын.