Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 144-ке жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі кем дегенде 144 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды BBC .

Землетрясение в Мьянме: количество жертв возросло до 144
Фото: Myanmar Fire Services Department

Сонымен қоса көптеген адам зілзала салдарынан Таиландта қираған ғимараттар астында қалып қойған.

— Армия өкілінің деректеріне сәйкес Мьянмадағы магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісінен кейін кем дегенде 144 адам қаза болып, жүздеген адам жарақаттанды. Жер асты дүмпулері Таиландпен қоса көршілес жатқан елдерде де сезілген. Онда салынып бітпеген биік тұрғын үй жер сілкінісінен кейін қозғалып, жерге құлаған, — деп мәлімдеді BBC.

Таиланд премьер-министрінің орынбасары 81 құрылысшы із-түзсіз жоғалғандар есебінде екенін айтты. Қазіргі уақытта оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Мьянмада 2021 жылғы әскери төңкерістен кейін саяси күйзеліс жалғасып келеді. Салдарынан оқиға орнынан ақпарат алу да қиынға соғады.

Бұған дейін хабарланғандай, Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелді.

СІМ Таиландтағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтарға қатысты ақпаратты таратты.

Қазір Мьянмада төтенше жағдай жарияланды. Осыған дейін Мьянмадағы жер сілкінісінен 50 адам қаза тауып, 300 адам жарақат алғаны хабарланған еді.

Сейсмолог Мұхтар Хайдаров Қазақстан мен Оңтүстік-шығыс Азияда болған жер сілкінісінің байланысы бар ма деген сауалға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар