Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3085 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Мьянмадағы жойқын табиғи апаттан көз жұмғандар саны 3085 адамға жуықтады, деп хабарлайды Xinhua.

Мьянма мемлекеттік әкімшілік кеңесінің деректеріне сәйкес зілзала салдарынан 4715 адам зардап шеккен, сонымен қатар 341 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
2025 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша Мьянмада 66 афтершок тіркелді. Оның магнитудасы 2,8-ден 7,5 шамасында болған.
Еске салсақ, 28 наурызда Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелгені хабарланды.
Жер сілкінісінен зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды.
Сол күні жер сілкінісі 50-ден астам адамның өмірін қиғаны анықталды. Алайда кешке қаза тапқандар саны 144-ке жеткені айтылды.
Кейіннен Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сонымен қатар, Мьянмадағы жер сілкінісінің болжамды себебі аталды.
Бүгін Мьянма жағалауында тағы да жер сілкінгені анықталды. Жер сілкінісінің ошағы 4,5 миллионға жуық адам тұратын Янгон қаласынан оңтүстікке қарай 142 шақырым жерде жатыр. Жер сілкінісінің ошағы 10 км тереңдікте орналасқан көрінеді.