Мьянмадағы жер сілкінісінің болжамды себебі аталды

АСТАНА.KAZINFORM  - Ғалымдар Live Science басылымына берген сұхбатында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жер сілкінісінің себебін 2023 жылы Түркияда болған жойқын жер  сілкінісімен салыстыра отырып түсіндірді.

Мьянмадағы жер сілкінісінің болжамды себебі аталды
Фото: UNICEF

Мьянмада 28 наурыз, жұма күні магнитудасы 7,7 және 6,4 балдық жер сілкінісі болды.

– Бангкок Мьянмадағы «апат аймағынан айтарлықтай қашықта» болғанымен, «жер сілкінісі өте қуатты болды және оның осы қашықтықта сезілгені таңқаларлық емес», - деді Стэнфорд университетінің геофизика профессоры Грегори Бероза Live Science-ке.

Гималайдың оңтүстігінде орналасқан Мьянма сейсмикалық белсенді аймақ, ол күшті жер сілкіністерімен танымал, дейді Мичиган университетінің геология профессоры Бен ван дер Плюйм Live Science-ке.

– Мұның себебі - Үнді субконтинентінің шамамен 100 миллион жыл бойы солтүстікке қарай жылжып келе жатқан Үнді тақтасында орналасқаны, - деп түсіндірді Бен ван дер Плюйм. - Бірақ шамамен 40 миллион жыл бұрын Үндістан Еуразиялық тақтаға қосылып, солтүстікке қарай жылжуды жалғастырды.

Ол соңғы рет магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісінің күшті болғаны сонша, жердің көлденеңінен бірнеше метрге ауысуы таңғалдырмайтынын айтты.

– Бұл шынымен қуатты жер сілкінісі. Мұндай жағдайлар жиі бола бермейді, - деді профессор.

Жер сілкіністері таяз болғандықтан, оларды 2023 жылы Түркияны дүр сілкіндірген 7,8 және 7,5 балдық жер сілкіністерімен салыстыруға болады, дейді жер сілкінісі және жер құрылымы бойынша маманданған Йель университетінің профессоры Джеффри Парк.

Айта кетейік, Мьянма билігі 28 наурыз, жұма күні болған 7,7 және 6,4 балдық жойқын жер сілкінісінің салдарынан 1 644 адам қаза тауып, 3 408 адам жараланғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар