12:38, 01 Сәуір 2025 | GMT +5
Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты
АСТАНА. KAZINFORM – Мьянмадағы 7,9 балдық жер сілкінісінен 2,7 мың адам көз жұмған, деп хабарлайды Қытай Орталық телевизиясы.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Мьянмадағы табиғи апат салдарынан 2719 адам опат болған.
Еске салсақ, 28 наурызда Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелгені хабарланды.
Жер сілкінісінен зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды.
Сол күні жер сілкінісі 50-ден астам адамның өмірін қиғаны анықталды. Алайда кешке қаза тапқандар саны 144-ке жетті.
Кейіннен Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұдан бөлек, Мьянма премьер-министрі бір апталық ұлттық аза тұту жариялағаны мәлім болды.
Сонымен қатар, Мьянмадағы жер сілкінісінің болжамды себебі аталды.