Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден Жазғы универсиадада төртінші орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Надежда Дубовицкая Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада биіктікке секіруден төртінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден Жазғы универсиадада төртінші орын алды

Надежда Дубовицкая биіктікке секіру сайысының финалында төртінші орын алды. Көрсеткіші - 1,84 метр.

Бұл жарыста Ганадан келген 22-жастағы Роуз Йебоа 1,94 метрді бағындырып, үздік нәтиже арқылы сенсациялық түрде чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Екінші орынды кипрлік жеңіл атлет Елена Куличенко (1,91 метр) алса, үздік үштікті Финляндия спортшысы Венла Пулканен (1,88 метр) түйіндеді.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 20 жүлде бар. Оның ішінде 2-уі алтын, 7-уі күміс, 11-і қола.

Медальдар кестесінде 20-орында келеді. Көш басында 150 жүлдемен (82-35-33) Қытай құрамасы келеді. Одан кейінгі орындардағы Жапония 75 (19-25-31), Оңтүстік Корея 50 (17-15-18) медалі бар.

Жазғы универсиада 8 тамызда мәресіне жетеді.

Еске салсақ, Әділбек Мусин Жазғы универсиадада қола жүлде алды.