Намибиялық саясаткер Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Намибиялық саясаткер Адольф Уунона Омпундья округінде бесінші рет қатарынан сайлауда жеңіске жетіп, 89,6% дауыс жинады. Ол жетекшілік қызметін жалғастырады, деп хабарлайды BILD басылымы.
Бұған дейін Уунона әкесі бала кезінде қойған «Гитлер» деген екінші атынан бас тартқан. Саясаткер бұл есім тек қиындық әкелгенін айтады. Ол есімін өзгерту туралы шешімді соңғы сайлау науқаны кезінде қабылдаған.
Шенеунік Намибия хабар тарату корпорациясына берген сұхбатында әрдайым Германиямен және оның бұрынғы басшысымен ешқандай байланысы жоқ екенін айтудан шаршаған.
Уунонаның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары оның бұрынғы аты жөнін пайдаланып, сәйкес суреттері бар материалдарды жариялауы сенсацияға негізделген.
— Ешкімнің мені саяси жоспарларыма кедергі келтіретін есіммен байланыстырғанын қаламаймын, — деді саясаткер.
Намибияда аты жөніңді өзгерту өте күрделі жұмыс. Бұл дәлелді себептерді, біраз құжатты, екі газетте күнделікті жарнама және үкіметтің ресми басылымында хабарландыру жариялауды қажет етеді.
Адольф Гитлер Уунона бұл округті 2004 жылдан бері басқарып келеді. Ол 2020 жылы шамамен 85 пайыз дауыспен қайта сайланған.