НАТО-ның бас хатшысы Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына барады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг 15-16 ақпанда Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарын аралайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НАТО баспасөз қызметінің хабарлауынша, Йенс Столтенберг Анкарада Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Зілзала елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Ел президенті Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Зілзаладан қаза тапқандар саны 31 мыңнан асты.