Найзағай ойнап, жел күшейеді — Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер 28 қазан күнгі ауа райы болжамын жариялады. 

Найзағай
Фото: Pixabay.com

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің батысында, шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болады.

Антициклон сілемінің ықпалынан еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Түнгі және таңертеңгі уақытта ел аумағын тұман басады. Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейеді. Сондай-ақ батыс және оңтүстік-шығыста күн аздап салқындап, ауа температурасы +9…+17°С шамасында болады.

Айта кетейік, бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды.

Соңғы жаңалықтар