09:28, 07 Қаңтар 2025 | GMT +5
Непалда 7 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметі мәлім етті, деп жазады Синьхуа ақпарат агенттігі.

Сейсенбі күні Гринвич уақытымен сағат 01:05:16-да Непалда Лобуче елді мекенінен 90 км қашықтықта 7,0 балдық жер сілкінісі болды.
Бастапқы мәліметтер бойынша жер сілкінісінің эпицентрі координаттары 28,58 градус солтүстік ендік пен 87,39 градус шығыс бойлықта болған. Зілзала ошағы 10 км тереңдікте болған көрінеді.
EARTHQUAKE: A 7.0 magnitude earthquake struck Shigatse City in Tibet, China, near the Nepal border, according to the USGS.pic.twitter.com/L1bSg3dIYj
— KolHaolam (@KolHaolam) January 7, 2025
Еске салсақ, бұған дейін Вануатудағы жер сілкінісінен 14 адам қаза тапқанын жаздық.