Непалда муссон маусымында 43 адам көз жұмды

НЕПАЛ. KAZINFORM — Мамыр айының соңында басталған муссон маусымынан бері Непалда 43 адам қаза тауып, 116 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы Табиғи апаттар қаупін азайту және бақылау жөніндегі ұлттық басқарма хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Муссонные дожди в Пакистане унесли жизни 45 человек
Фото: А. Заиди/ ЮНИСЕФ

Сәрсенбі кешкісін жарияланған есепке сәйкес, муссон жаңбырлары нәтижесінде болған 569 табиғи апатта 16 адам із-түссіз жоғалған.

Ең көп адам шығынына ұласқан апат — су тасқыны болды. Одан 15 адам қаза тауып, тағы жеті адам зардап шеккен. Одан кейінгі орында найзағай — 14 адамның өмірін қиып, тағы 95 адамды жаралаған. Ал көшкін 14 адамның өліміне себеп болған.

Айта кетейік, Непалда муссон маусымы әдетте қазан айының басына дейін жалғасады.

Бұған дейін Қытай мен Непалды байланыстыратын көпір су тасқынынан опырылып құлап, 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар