Нейрон желісі Kazinform агенттігінің тарихи суреттеріне жан бітірді
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Kazinform халықаралық ақпараттық агенттігіне 104 жыл толып отыр. Осы орайда әріптестеріміз (mediabase.kz сайтының фотоархиві) Luma Dream Machine нейрон желісінің көмегімен агенттік тарихынан сыр шертетін суреттерге жан бітірді.

Агенттіктің тарихы 1920 жылдан басталады, сол жылы 13 тамызда Бүкілодақтық Орталық атқару комитеті жанындағы Ресей телеграф агенттігінің Орынбор-Торғай бөлімшесі құрылды. Кейіннен агенттіктің атауы бірнеше рет өзгерді, яғни КирРОСТА, ҚазРОСТА, ҚазТАСС деп аталды. Ал 1937 жылдан бастап Кеңес Одағының ТАСС – телеграф агенттігінің құрамында ҚазТАГ деген атаумен жұмыс істеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ҚазТАГ Министрлер Кеңесі жанындағы ақпараттық агенттіктен бұрынғы атауымен Қазақ мемлекеттік ақпараттық агенттігі болып қайта құрылды. 1997 жылдың қараша айында ҚазТАГ базасында «ҚазААГ» қазақ ақпараттық агенттігі құрылды.
Бүгінде Kazinform агенттігі 18 мемлекеттің ірі медиа-холдингтерімен серіктес. Олардың қатарында ТАСС (Ресей🇷🇺), Trend (Әзірбайжан🇦🇿), Арменпресс (Армени🇦🇲), Кабар (Қырғызстан🇰🇬), УЗА (Өзбекстан🇺🇿), Белта (Беларусь🇧🇾), Yonhap (Оңтүстік Корея🇰🇷), TPS (Израиль), Azertac (Әзірбайжан🇦🇿), Монцамэ (Моңғолия🇲🇳), CGTN (Қытай🇨🇳), Жэньминь Жибао (Қытай ), Синьхуа (Қытай ), Ховар (Тәжікстан🇹🇯), WAM (БАӘ🇦🇪), Al-Jazeera (Қатар🇶🇦), Petra (Иордания🇯🇴), Middle East University (MNU) (Иордания🇯🇴), Saudi Press Agency (Сауд Арабиясы🇸🇦), QNA (Қатар🇶🇦), АНИА (ТМД ақпарат кеңесі), Agenzia Nova (Италия🇮🇹), IRNA (Иран🇮 🇷), Fakti.bg (Еуропа🇪🇺) бар.