Нидерландыда парламенттің төменгі палатасына кезектен тыс сайлау өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — 29 қазан күні Нидерландыда Бас штаттардың жаңа екінші палатасына мерзімінен бұрын сайлау өтеді, деп хабарлайды Report.

Нидерландыда парламенттің төменгі палатасына кезектен тыс сайлау өтеді
Фото: Report

Корольдік конституцияға сәйкес, дауыс беру бір күн ішінде өтеді. 9 мыңнан астам сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:30–да ашылып, дауыс беру кешкі сағат 21:00–ге дейін жалғасады.

Шетелдерде шамамен 135 000 Голландия азаматы дауыс беруге тіркелді. Биыл өзге елде дауыс берушілер қатары көбейген. 2023 жылы өткен парламенттік сайлаумен салыстырғанда бұл жолғы көрсеткіш рекорд орнатты.

Дауыс берудің алдын ала нәтижелері сәрсенбінің соңына дейін белгілі болады деп жоспарланған. Ресми нәтижелер тәжірибеге сәйкес келесі күні жарияланады.

Бұған дейін Аргентина президенті Хавьер Майли аралық парламенттік сайлауда жеңіске жеткені туралы жаздық. 

Соңғы жаңалықтар