Нигериядағы қарулы шабуылда 34 сарбаз қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Мали шекарасына жақын жерде Нигерияның қауіпсіздік күштерінің позицияларына жасалған қарулы шабуыл салдарынан 34 сарбаз қаза тауып, 14-і жараланды, деп хабарлайды Анадолы

Нигериядағы қарулы шабуылда 34 сарбаз қаза тапты
Фото: Анадолы

Елдегі қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шабуыл Тиллабери провинциясында орналасқан Банибангу аймағында болған. Ведомствоның мәліметінше, әскери базаға шабуыл жасаған лаңкестердің кім екені әлі анықталмаған.

Әскерилер мен шабуылдаушылар арасындағы шайқаста 34 сарбаз қаза тауып, 14-і жараланды. Мәлімдемеде шабуылшылардың көбінің жойылғаны, бірақ ешбір топтың шабуылды мойнына алмағаны баса айтылды.

Малимен шекараға жақын орналасқан Банибангу елдегі ең маңызды әскери нысандардың бірі. Осы жылдың 25 сәуірінде оған шабуыл жасалып, 12 сарбаз қаза тапқан.

Бұған дейін Нигерияда содырлардың шабуылынан 15 фермер қаза тапқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар