Николай Костов «Ақтөбе» бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM - Болгариялық маман Николай Костов екі тараптың келісімі бойынша «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті.

Николай Костов
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Былтырғы футбол маусымының ортасында 62 жастағы маман команданы жетекшілік жасап, чемпионатта бесінші орынға табан тіреді.
2025 жылдың тамызынан бері Костовтың басшылығымен «Ақтөбе» ҚПЛ аясында он ойын өткізді. Оның төртеуін жеңсе, біреуінде тең ойнап, қалған бесеуінде жеңіліске ұшырады.

Николай Костовпен бірге оның екі көмекшісі Йоан Даниелов-Атанасчев пен Михаил Цоков та ақ-қызылдармен қош айтысты. 

Биыл «Ақтөбе» футбол клубы ресми түрде Qazaq Stroy Properties компаниясы жекеменшігіне өтті. Команда құрамына португалиялық атақты футболшы Луиш Наниді қосылды.

Биыл «Ақтөбе» алғашқы үш турда бір мәрте жеңіске жетіп, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар