Nobel fest – Әлем ғалымдары Астанада медицина мәселелерін талқылап жатыр

ғалым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада медициналық инновациялар тақырыбына арналған Nobel fest халықаралық фестивалі ашылды. Форум медицинадағы жаңа трендтер, ұзақ өмір сүрудегі жетістіктер, қауіпсіздік тақырыбын талқылау үшін әлемнің үздік сарапшыларын жинады.

Nobel fest негізін қалаушы және директоры Мақсат Құрбенов іс-шараның қазақстандық қоғамдастық үшін маңызды екенін атап өтті. 

ғалым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
ғалым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
ғалым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Бүгін медицина мәселелеріне арналған алғашқы Nobel fest өтіп жатыр. Бұл ауқымды тақырып, біз тұтас аймақта осы тақырып бойынша алғашқы ауқымды конференция құрғымыз келді. Фестиваль бағдарламасына Америкадан, Франциядан және ТМД елдерінен 40-тан астам халықаралық сарапшы мен әлемдік беделді марапат иегерлері қатысады. Фестивальдің миссиясы – әлемдік білімді қолжетімді ету және әлемдік ғалымдардың Қазақстанға медицинадағы білімімен және жаңалықтарымен бөлісу үшін келуі», - деді Мақсат Құрбенов.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус бейнеқұттықтау жолдап, фестиваль ұйымдастырушылары мен қатысушыларына медициналық білім инклюзиясы мен COVID пандемиясы сабақтарын енгізу қажеттігін айтты. 

ғалым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Инновациялар әрдайым денсаулық сақтау саласындағы прогрестің қозғалтқышы болды. Вакциналар, пенициллин және адам генін зерттеуге, талдауға және тіпті өзгертуге мүмкіндік беретін технологияларды еске түсірейік. Инновациялар – біздің көзқарасымыз бен миссиямыздың маңызды бөлшегі. COVID-19 пандемиясы рекордты уақытта вакциналар әзірлеу арқылы инновацияның талай өмірді құтқаратынын еске салды. Дегенмен бұл инновация әділдікпен бірге жүруі керек екенін де көрсетеді. Вакцина алудағы теңсіздік адамдардың өліміне және пандемияның ұзаққа созылуына әкелді. Сондықтан вакциналар мен басқа құралдарға тең қолжетімділік пандемия туралы келісімнің негізгі принциптерінің бірі болып саналады. ДДСҰ ең шалғай және аз қамтылған қауымдастықтардың денсаулығын жақсартуға көмектесетін инновацияларды кеңейту үшін жұмыс істейді. Біздің ұйым 86 жыл бұрын денсаулық тек оны сатып ала алатындарға ғана емес, әр адамның негізгі құқығы деген сенімге негізделген», – деді ДДСҰ басшысы.

Фестивальдің ашылуында Джордж Вашингтон университетінің клиникалық нейрохирургия профессоры және Абдулрауф нейрохирургия институтының бас нейрохирургы Салим Абдулрауф өз бағытындағы мамандардың мақсаттарын айтты. 

ғалым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«ХХІ ғасыр – ақыл-ой ғасыры. Біз нейрохирургтер алдымызда тұрған барлық сын-қатердің алдыңғы қатарындамыз. Біз өз жұмысымызда орташа емес, ерекше болғымыз келеді. Өйткені өмір мен өлім мәселелеріне тап болғанда адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өз мүмкіндіктерімізді барынша қолдануымыз керек», - дейді Салим Абдулрауф.

ғалым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
ғалым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
ғалым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
ғалым
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Айта кетейік, Астанадағы Nobel fest 27 және 28 сәуір күндері өтеді. Іс-шара бағдарламасы мидың беймәлім жұмбақтарынан бастап, жаңа дәуір дерттері мен ұзақ өмір сүрудегі ашылуларға дейін тақырыптардың кең ауқымын қамтиды.

Фестиваль қатысушылары Нобель сыйлығының лауреаттарынан жеке сертификаттар алады.

Соңғы жаңалықтар