Нөсер жаңбыр салдарынан Қазақстанда егін науқаны кеш басталуы ықтимал - В.Божко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы уақыттары жиілеп кеткен нөсер жаңбырдың салдарынан Қазақстанда егін науқаны кеш басталуы әбден мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко мәлім етті.
None
None

«Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл жағдайдың ерекше екенін халықты алдын ала хабардар етіп отырғаны құптарлық жағдай. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында егін егін жұмыыстары кешіктірілуде, себебі соңғы кездегі нөсер жаңбыр жерді ылғалдандырып, көліктердің алқапқа шығуын қиындатып жіберген. Бұл егін егу науқанын кешіктіреді», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл жағдай диқандар үшін ауыртпалық тудыруы мүмкін.

«Әрине, кешігіп басталған егін егу науқаны, күзгі жиын-терімнің де уақытын кешіктіретіні сөзсіз. Ол былтырдағыдай егістіктің қар астында да қалуына әкеп соқтыруы да мүмкін. Бірақ жұма күні бізде Астанада плюс 30 градус болады деп болжанып отыр. Жер біршама кеуіп, кәсіпкерлер мен диқандар астық егуді тезірек қолға алады деп ойлаймын», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар