«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың бұйрығымен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Сағиев Айбек Игілікұлы тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.
None
None

Сағиев Айбек Игілікұлы 1974 жылы 6 тамызда Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық стансасында дүниеге келген. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша, 2005 жылы Ақтөбе қаласындағы қазақ-орыс халықаралық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1990 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Комсомол орта мектебінде техникалық жұмыскер болып бастаған.

1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ақтөбе облыстық Қазынашылық басқармасының аға, жетекші қазынашысы.

1998-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ақтөбе аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде бас маман, бөлім бастығы, төраға орынбасары.

2002-2008 жылдары ҚР ҚМ Ақтөбе аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы.

2008-2010 жылдары ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық департаментінің бастығы.

2010-2012 жылдары Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданының әкімі.

2012-2013 жылдары Ақтөбе облысы, Алға ауданының әкімі.

2013 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Ақтөбе қаласындағы «Ақбұлақ» АҚ президенті қызметтерін атқарды. 2006 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Соңғы жаңалықтар