Нұр-Сұлтанда итті ұрып жатқан ер адам бейнежазбаға түсіп қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында көшеде итті ұрған ер адамға іздеу салынды. Осыған қатысты астаналық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Instagram әлеуметтік парақшасында жарияланған бейнежазбада белгісіз ер адамның итті төмпештеп ұрып жатқаны байқалады.
Оқиға Нұр-Сұлтан қаласында орын алған. Бүгінде астаналық Полиция департаменті кінәліні іздестіріп жатыр.
«Бейнежазбадағы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында орын алған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Кінәлі азамат табылып, жазаға тартылатын болады», - деп хабарлады Полиция департаментінен.