Нұрбах Рүстемов Румыния Елшісі қызметінен босатылды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Румыниядағы Елшісі болып Ерлік Әли тағайындалды.

Өз қызметінен бүгін Алтай Әбибуллаев та босатылды. Ол Қазақстанның Хорватия Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарында болған еді.

Соңғы жаңалықтар
telegram