Нұрлыбек Нәлібаев Президентке өңірдің дамуы жөнінде есеп берді

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді
Фото: Ақорда

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кейінгі 4 жылда өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 233 пайызға артқанын баяндады. Биыл 720 миллиард теңгеден астам қаржы тарту жоспарланған. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 70 пайызды құрайды.  

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді
Фото: Ақорда

Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда аймақта құны 2 триллион теңгеге жуықтайтын 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл жалпы құны 302 миллиард 500 миллион теңге болатын 27 нысанды іске қосу жоспарланған. Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілді.  

Мемлекет басшысы облыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.  

Еске салсақ, бұған дейін Президенттің жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барғаны туралы жазғанбыз. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысты. 

Соңғы жаңалықтар