«ОА — Италия» саммиті: Ашхабадта аймақтық климаттық технологиялар орталығы ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов «ОА — Италия» саммитінде Ашхабадта БҰҰ аясындағы аймақтық климаттық технологиялар орталығын ашуды ұсынды.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов
Фото: Ақорда

— Өзара ынтымақтастық салаларының бірі — сутегі энергетикасы. Өздеріңіз білетіндей, алдағы онжылдықтарда табиғи газ сутегі өндірісіндегі басым көздердің бірі болып қала береді. Біз италиялық серіктестермен осы тұрғыда өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз, — деді Түрікменстан президент.

Сондай-ақ, ол көлік логистикасы мәселелеріне назар аударды. Айтуынша, Түрікменстан Азия-Еуропа дәлізіне кірігуге мүдделі.

— Ашхабадта ББҰ аясындағы өңірлік климаттық технологиялар орталығын құру жөніндегі бастамамызды атап өткім келеді, — деді Сердар Бердімұхамедов.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орталық Азия — Италия» алғашқы саммиті өтіп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін түске дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Астана халықаралық форумының екінші күніндегі пленарлық сессияға қатысты

Бұдан кейін Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі Ақордадағы келіссөз қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдаған болатын

Соңғы жаңалықтар