Облысаралық және жергілікті автожолдардағы су тасқыны тоқтамады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола және Ақтөбе өңірлеріндегі облыстық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесін, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 11 учаскесін, Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар жол учаскесіндегі бір көпірді әлі де су шайып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, соңғы тәулікте Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтанда жергілікті атқарушы органдар және ТЖМ күштері аула аумақтарындағы, көшелердегі 126,6 мың текше метр еріген қар суын сорғытты. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында инертті материалдары бар 4895 қап төселді.

Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан 657 адам, 156 техника, 74 су сору және 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, қаптар төсеу, топырақ үйіп бекітілген жерлерді нығайту, еріген қар суын сору жұмыстарына ТЖМ 52859 және 68303 әскери бөлімдерінің 55 адамы мен 6 техникасы тартылған.

Сонымен қатар, ШҚО-да су тасқынын бақылайтын 2 бекет қойылған болатын.

Жалпы, тасқын кезеңі басталғаннан бері 265 нысанды су басты .


Соңғы жаңалықтар