«Одан бәрі қорқатын, артында Қайрат тұрды: жәбірленуші Гүлмира Сатыбалды туралы
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта процессте сотталушыдан жауап алып жатыр. Зардап шеккендер мен айыпталушылардың адвокаттары оған сұрақтар қойып, кейбір мәліметтерді анықтай бастады.
Сонымен, Абай Жүнісов жауап алу кезінде оны заңсыз ұстап отырған кезде не себепті полицияға хабар бермегенін айтты.
«Мені заңсыз қамауда ұстап отырған кезде, құжаттар мен тамақты беру күзетші арқылы жүзеге асырылды. Маған менің адвокатым, үй күтүшісі және басқа да адамдар келіп тұрды. Бірақ барлығы Батыршаев пен Сатыбалдының рұқсатымен келді, барлық келушіні мұқият тексерді. Оларға телефонмен кіруге рұқсат берілген жоқ», - деді ол.
Оның адвокаты оған келушілер неге полицияға хабарласпағанын және неге ол ешқандай шара қабылдамағанын қайталап сұрады.
«Мені оқшаулап тастады. Проблема мен қысымның ауқымын түсіндім. Қазақстанда Алматыда болғандықтан барар жерім жоқ екенін түсіндім. Менен бәрін тартып алды: төлқұжаттар, телефондар және басқа да заттар. Біреуге хабарласуға мүмкіндігім болмады», - дейді Абай Жүнісов.
Ол барлық көмекшісі Гүлмира Сатыбалдыдан қорқанын айтты.
«Өзін өте қатал ұстады. Ол әркімнің іс-әрекеті жазасыз қаламайтынын айтып, оны Қайрат Сатыбалды құптайтынын ескертіп отырды. Бәрі одан қорықатын. Ешкім ештеңе жасай алмады», - деді ол.
Бұған дейін кәсіпкер Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды бірлескен серіктестікте ұрлық жасады деген күдікпен кінәсін мойындауды талап етіп, 2019 жылдың ақпанынан бері үйінде заңсыз қамауда ұстағанын айтқан еді.
Айта кетейік, алдын ала тыңдау кезінде, айыпталушы Г. Сатыбалды алқабилер сотына қатыспайтынын жеткізген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Гүлмира Сатыбалды біреудің мүлкін иемдену және жымқыру қылмыстық ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ сот оған 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салды.
Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеуге алынған еді. Жәбірленушіге келген залал сомасы – 6,6 млрд теңгеден асады.
Сондай-ақ Гүлмира Сатыбалды сотқа дейінгі тергеу кезінде шекара асып кетпек болған.
Гүлмира Сатыбалды айыптаулармен келіспейтінін айтып, әділ шешім қабылдауға өтініш жасаған болатын.