ОҚО-да ИИД МБ екінші бесжылдығының аясында 20 мың жұмыс орны құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да ИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының аясында 20 мың жұмыс орны құрылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
None
None

«Индустрияландырудың екінші бесжылдығында 869 млрд. теңгені құрайтын 115 жобаны іске қосу жоспарланып, нәтижесінде 20 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады», - деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы 35,2 млрд. теңге сомасындағы 22 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бағытта 1,1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Соңғы жаңалықтар