ОҚО-да Мақтарал ауданындағы Мәдениет үйін өрт шалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы Қалшораев ауылының Мәдениет үйін сағат 05.15-тер шамасында өрт шалған. Екі қабатты ғимараттың көрермендер залы мен шатыры өртенген.
None
None

Өрт облыстың ТЖД жеке құрамының 22 адамы мен 6 техникасының жұмылдырылуымен сағат 6-лар шамасында ауыздықталды. Тілсіз жау 364 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға салдарынан зердап шегушілер болған жоқ.

Сонымен қатар, 13 наурыз күні сағат 17.28-де Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы екі қабатты пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен. Тілсіз жау сағат 17.51-де ауыздықталды. Өрт аумағы 20 шаршы метрді шарпыды. Оқиғаға орнынан иіс тиіп уланған 1957 жылы туған азамат Т. Чернушкина ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ Ақтөбе қаласының Озерная көшесіндегі жекеменшік үйден сағат 21.38-де шыққан өрт салдарын жою үшін облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 17 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Оқиғаға орнынан 1934 жылы туған азаматша З.Мещеркованың денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар