ОҚО-да полицей кісі өлтіруде күдіктіге көмектесті деп айыпталуда

ШЫМКЕНТ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда Түлкібас полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторын екі бап бойынша - қызметтік бабын асыра пайдалануда және ресми құжаттарды ұрлады деп айыптауда.
None
None

Тергеу амалдарының мәліметтері бойынша, полицей түнде ІІД-нің ғимаратынан қылмыстық іс бойынша құжаттарды ұрлаған. Тәртіп сақшысы сейфті бұзып, кісі өлтіруде күдіктінің жеке куәлігін алып кеткен.

Тергеу болжамына сәйкес, полиция қызметкері осылайша әріптестерінің жұмысына кедергі келтіріп, күдіктіні қамауға алудан босатуға тырысқан. Алайда, оның әрекеттеріне қарамастан күдікті азаматша қамауға алынды.

Айта кетейік, полицей өзінің кінәсін мойындаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар