ОҚО-да үш оқушы оқ жарақаттарымен ауруханаға түсті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да үш мектеп оқушысы оқ жарақаттарымен ауруханаға түсті.
None
None

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бытыра тиген кәмелеттік жасқа жетпеген үш бала Арыс қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді. Полицейлер жасөспірімдерге анықталмаған қарудан құрдасы оқ атқанын анықтаған.

«Кеуде тұсына оқ тиген жәбірленушілердің бірі, 1999 жылғы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Кәмелеттік жасқа жетпеген тағы екеуі, 1998 жылғы балалар дәрігерлер қараған соң үйлеріне жіберілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 99 бабы («Адам өлтіруге оқталу») бойынша сот алдындағы тергеу амалдары өткізіліп жатыр. Арыс АІІБ-нің қызметкерлері оқ атуда күдікті азаматты ұстады. Ол жергілікті мектептердің бірінде оқитын 1998 жылғы бала болып шықты. Оған қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қарастырылуда. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум