16:00, 14 Қаңтар 2015 | GMT +5
ОҚО тұрғыны өзін прокуратура қызметкері ретінде таныстырып, 5 мың рубль бопсалаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Шымкент станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына «Москва-Бішкек» бағытындағы жолаушылар поезының бастығы арызданып келді.

Оның айтуынша, белгісіз біреу өзін көлік прокуратурасының қызметкері ретінде таныстырып, қорқыту арқылы одан 5 мың ресей рублін алаяқтықпен алып кеткен.
Шымкент станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасының Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында вокзал перронынан Оңтүстік Қазақстан облысы, Бадам станциясының 32 жастағы тұрғыны ұсталды.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.