Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

дети, детская площадка, отдых, парк, балалар, демалыс, саябақ, ойын алаңы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады.

Демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар «Таза Қазақстан» , «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп» бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады, сондай-ақ дәстүрлі «Жер сағаты» акциясына атсалысып, азаматтық ұстанымдарын бекемдейді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да бірқатар іс- шаралар жоспарланып отыр. Ата-аналармен бірлесе отырып жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және киберкеңістіктегі сақтық шаралары бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетелік бүгін елордада екінші ауысым оқушылары онлайн оқып жатыр.

Соңғы жаңалықтар