Оқушылар сабақты жасанды интеллектінің көмегімен орындап жүр ме – министр жауабы
АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылар сабақты жасанды интеллектінің көмегімен орындайды деген пікірге жауап берді.

- Кейбіреулер айтып жатыр, жасанды интеллект дұрыс емес, оқушылар жасанды интеллектіні жұмсап, сабақ оқуды қойды дейді. Біздің оқушылар жасанды интеллектіні пайдаланып, оқуды қойды, жалқау болып кетті деп жатқандар да бар. Бұл жалған ақпарат. Мен оқушыларға сенемін, олар жасанды интеллектіні қолданбайды, өйткені, ол білімді шыңдап, күшейтуге ғана арналған қосымша құрал, - дейді министр.
Ғани Бейсембаевтың мәлімдеуінше, жасанды интеллект қауіп төндірмейді, оны тек сауатты қолдана білу қажет.
Еске салайық, 14 мамырда Мәжіліс жасанды интеллект туралы үш заң жобасын мақұлдады.
Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елордадағы №104 орта мектептің түлектеріне сынып сағатын өткізді.