Оқушылар төбелесі: Мектеп директоры мен орынбасары жұмыстан кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде дарынды мектеп-интернатының оқушылары төбелескеннен кейін, мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен психолог жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта оқушылар төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған болатын.  Кейін облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева мектеп директорының жұмыстан шығарылғанын мәлімдеген еді. 

«Жоғары сынып оқушыларының арасындағы оқиғадан кейін мектеп-интернатта тексеру жүргізілді. Жұмыс тобының мүшелері оқу орнындағы тәрбие процесі тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын және әкімшілік тараптан бақылау нашарлағанын анықтады. Тексеру нәтижесі бойынша мектеп-интернат директоры Г.Тәжіғалиева өз еркімен жұмыстан шығарылып, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен педагог-психолог қызметтерінен босатылды. Ал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мен тәрбиеші ескерту алса, 10 сыныптың жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланды. Осы факті бойынша ішкі істер органдары тергеу жұмыстарын бастады. Пышақ жарақатын салған оқушы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр», - деп хабарлады өңірлік коммуникация қызметі.

Айта кетейік, пышақ жарақатын алған оқушы үйінде емін жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар