«Оқжетпес» бір тур бұрын Премьер-лигаға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Бірінші лиганың ХІХ турында «Оқжетпес» сырт алаңда «SD Family» клубын жеңіп, Премьер-лигаға жолдама алды.

«Оқжетпесі» футбол клубы
Фото: fcokzhetpes

Көкшетаулық команда бүгінгі ойында қарсылас қақпасына жауапсыз жеті гол соғып кетті. Нәтижесінде қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсіп, алдағы жылы қайтадан үздіктер қатарында сынға түсуге мүмкіндік алып отыр.

Айта кетсек, көкшетаулық клуб өткен турда дәл осындай есеппен «Түркістанды» тізе бүктірген еді.

Премьер-лигаға берілетін екі жолдамаға Жезқазғанның «Ұлытау», Ақтаудың «Каспий» командалары басты үміткер болып отыр. Аталған турда «Ұлытау» сырт алаңда Оралдың «Ақжайығын» 3:0 есебімен тізе бүктірсе, «Каспий» Алматының «Хан тәңірі» клубының 1:0 есебімен осал тұсын тапты.

Ал «Тараз» «Түркістанды» 5:1, өскемендік «Алтай» Павлодар облысының «Екібастұзын» 2:1 есебімен жеңсе, қызылордалық «Қайсар-2» мен алматылық «Қайрат-2» 0:0, Түркістан облысының «Арысы» мен «Жетісайы» 2:2 есебімен тең түсті.

Енді алдағы тур ойындары 24 қазанға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар