Ол қызды қорқытып ұстап тұрды – министр Ахметжанов банктегі оқиға жайлы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кепілге алынған банк қызметкерлері босатылғаннан кейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол қызды қорқытып ұстап тұрды – министр Ахметжанов банктегі оқиға жайлы

«Мен онымен (кепілге алған ер адам – автор түсіндірмесі) сөйлестім. Ол менің жеке басыма қатысты деректерді тексерді. Ол қызды қорқытып ұстап тұрды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Мен қайталап айтамын, зардап шеккендер жоқ. Кепілге алынған адамдар тексерілді, өйткені біз көзден жас ағызатын газ қолдандық. Сондықтан, медициналық тексеру жүруі тиіс. Ешкім жараланған жоқ. Өйткені, біз шабуылдаушы арнайы құралдарды қолдандық», - деп мәлім етті министр Марат Ахметжанов журналистер сауалына орай.


Еске салайық, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам бірнеше кісіні кепілге алғанын хабарлап едік.

Полиция қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босатты.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлім етті.