Олимпиада-2026: қазақстандық конькимен жүгірушілер сынға түсті

МИЛАН. KAZINFORM – Қазақстандық конькимен жүгірушілер Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын жалғастырды.

Олимпиада-2026: қазақстандық конькимен жүгірушілер сынға түсті
Фото: Сали Сабыров

Әйелдер арасында 1 000 метрге жүгіру сынында ел намысын Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Кристина Силаева қорғады.

Қортындысында, Морозова 1 минут 16.00 секундта мәре сызығын кесін, 14-орынан көрінді. Сондай-ақ Голубева 19-орын, ал Силаева 28-орынды қанағат тұтты.

Олимпиада-2026: қазақстандық конькимен жүгірушілер сынға түсті
Фото: Сали Сабыров

Бұл сында Нидерланд спортшылары алдарына жан салмады. Әуелі Фемке Кок 1 минут 12.59 секунд нәтиже көрсетіп, Олимпиада рекордын жаңартты. Алайда келесі кезекте жарыс жолына шыққан оның отандасы Ютта Лердам 1 минут 12.31 секунд көрсетіп жаңа Олимпиада рекорды орнады. Жапониялық спортшы Михо Такаги қола медаль еншіледі.

Оcыған дейін хабарлағанымыздай, Надежда Морозова әйелдер арасында конькимен 3 000 метрге жүгіру бәсекесінде 6-орын алған еді.

Соңғы жаңалықтар