Олжас Бектенов мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов мәслихаттар депутаттары сайлауына қатысып, дауыс берді.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент әкімдері мәслихат сайлауында дауыс бергенін жазған едік.
Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына өңірге танымал азаматтар, соның ішінде спортшылар да қатысып жатыр. Дауыс беруге келгендердің қатарында жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Аделина Земс те бар.