22:50, 23 Қазан 2025 | GMT +5
Омар Сатаев Грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM — Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Омар Сатаев халықаралық жарыста қола медаль еншіледі.
Балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үшінші орын үшін өткен белдесуде бельгиялық Ибрагим Табаевты 10:8 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар.
Бұған дейін Юсуф Мациев күміс жүлдегер атанса, Мерей Мәулетханов қола медальға ие болған еді.