Өмірімді алтын тиындар сақтап қалды - майдангер

 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Соғыс ардагері Асхат Файзуллин Сталинград шайқасына қатысып, Кеннигсберг, Брест қалаларын азат етті. Ол бірнеше рет жараланып, айлар бойы госпитальда жатты. 
None
None

Жарылғыш заттың сынықтары алтын тиындарға тиіп, майдангер аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылдық округінде тұратын Асхат Файзуллин соғыс жылдарындағы естеліктерін айтудан жалыққан емес. Ол 1942 жылы соғысқа аттанып, 1945 жылдың қыркүйегінде елге оралған. 94 жастағы Асхат   Файзуллин «Қызыл жұлдыз» Орденімен марапатталған.
null 

«1942 жылы біздің батальонды Сталинградқа жеткізді. Күні-түні жүріп, Волга өзенін кешіп өттік. Өзен қып-қызыл қанға боялған. Қала қираған, түтінге тұншығып тұр екен. Үздіксіз атысып, бізден тек жеті адам қалды. 1943 жылы төртінші Украина шайқасының офицерлер құрамының резервінде болдым»,- деді Асхат Файзуллин.

Соғыс ардагері жараланып, Еревандағы госпитальда жатты. Бірінші Белоруссия майданында шайқасты.

«Мені барлауға жиі жіберетін. Бір күні 3-4 метр қашықтықта бомба жарылып, сынығы мені жаралап кетті. Донбастан Ереванға жіберіп, емдетті. Сол жерде соғысқа жарамды деген қорытынды шығарылды. Кенингсбрег қаласын азат етуге де қатыстым. Кезекті шабуыл кезінде жарылғыш заттың сынығы қолым мен денеме тиген еді. Сол кезде қалтамда польшалық алтын тиындар жүрген. Өмірімді құтқарып қалады деп кім ойлаған? Мәскеуге жіберіп, 5 айдан астам уақыт ем алдым»,- деп еске алды соғыс ардагері майдан даласын.

Ардагер Жеңіс күнін жиі еске алады. Сол күні ол қуанышты хабарды кішкентай баладан естіп, жауынгерлерге жеткізген. Алғашында ешкім сенбеді. Кейін бір-бірін құшақтап, құттықтады.
null 

«Соғыстан кейін тағы бір жыл әскери борышымды өтедім. Мені Жапония соғысына баратын эшелонмен жіберді. Ол жерде штабта жұмыс істедім. Дәрігерлер денемдегі оқ іздерін көріп, қатты таң қалды. Елге 1945 жылдың күзінде келіп, зауытта, азық-түлік тарату мекемесінде еңбек еттім. Кейін мен әскери училищеге фотограф болып  орналастым»,- деді А.Файзуллин. Соғыс ардагерінің ерлігі ұзақ жылдар бойы ұмыт қалған екен. «Қызыл жұлдыз» ордені майдангерге арада 60 жыл өткен соң табыс етіліпті. Ал бүгін оны «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбай Әжібаев құттықтап барды.

 «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен депутаттар, жасотандықтар өңірдегі барлық ардагерге құрмет көрсетіп, Жеңіс мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тапсырды.

Айта кетейік, қазір облыста 136 соғыс ардагері бар. Оның 78-і Ақтөбе қаласында тұрады. Бәрі үйлі, баспаналы болды.  Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жеңіс күніне орай соғыс ардагерінің әрқайсысына 122 мың теңгеден астам ақша бөлген. 

Соңғы жаңалықтар