Он айда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 10 мыңнан астам өзбекстандық жазаланды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Биыл 10 айда Өзбекстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 10 003 адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Он айда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 10 мыңнан астам өзбекстандық жазаланды
Фото: Kazinform

Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Азиз Абидовтің дерегінше, отбасында жанжал шығаратындардың саны азайып келеді. Атап айтқанда, былтыр осы аралықта 9210 адамға айыппұл салынып, 6217 құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынған.

Мұнымен бірге, биыл қаңтар-қазанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 381 тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал 2024 жылы сәйкес кезеңде 399 өзбекстандық сотталған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ресейде зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел үш баласымен Өзбекстанға қайтарылды.

Сонымен қатар, биыл Өзбекстан мен Ресей ғалымдары зорлық-зомбылықты анықтайтын нейрондық желіні жасап шығарды.

Еске салсақ, былтыр Өзбекстанда балаға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді

Соңғы жаңалықтар