Өнеркәсіп министрі Саран қаласындағы тұрмыстық техника өндірісін көрсетуге уәде берді
АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев келесі айда Саран қаласындағы тұрмыстық техника өндірісін көрсетуге уәде берді.

Өз кезегінде Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев елімізде 260 мың тұрмыстық техника өндірілгенін айтап өтті.
− Жалпы былтыр елімізде 260 мың тұрмыстық техника өндірілген. Соның 180 мыңы Саран қаласында өндірілді. Одан бөлек, Алматы тұрмыстық техника зауыты және DS Multimedia атты Алматыдағы қытайлық теледидар өндірісімен айналысатын кәсіпорын бар. Мұның бәрі дүкен сөрелерінде тұр. Ал Алматы тұрмыстық техникасы Dauscher деген атпен белгілі, Саран қаласындағы өндіріс Өзбекстанмен бірлескен бренд атауымен шығарылады, − деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев Үкіметте өткен брифингте.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда тұрмыстық техника, жиһаз, қағаз өндірісі артқан.
Тамыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев Саран қаласында тұрмыстық және электр техникасын шығаратын Silk Road Electronics кәсіпорнына барған еді.