Қазақстан алюминийі мен электролиз зауыттары ұжымы референдумда белсенді болуға шақырды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Жаңа Конституция еңбек адамының рөлін күшейтіп, қызметкерлер құқықтарының нақты кепілдіктерін бекітеді және экономиканың орнықты дамуына берік негіз қалайды. Осындай пікірді Eurasian Resources Group құрамындағы Қазақстан алюминийі АҚ мен Қазақстан электролиз зауыты АҚ қызметкерлері білдірді.

Eurasian Resources Group
Фото: Eurasian Resources Group

Бүгінде ERG-дің алюминий дивизионында шамамен сегіз мыңға жуық адам еңбек етеді. Металлургтердің айтуынша, Жаңа Конституция жобасында өндіріс саласы үшін қолданбалы маңызы бар қағидаттар көрініс тапқан. Атап айтқанда, еңбек ету құқығы, қауіпсіз еңбек жағдайы және әлеуметтік қорғау мәселелері нақты қамтылған.

Еуразиялықтардың пайымынша, еңбек адамы экономиканың қосалқы бөлігі ретінде емес, мемлекеттің орнықты дамуының негізі ретінде қарастырылады. Мұндай нормалардың конституциялық деңгейде бекітілуі қызметкерлердің ертеңгі күнге деген сенімін арттырып, олардың кәсіби үлесінің маңызын айқындай түседі.

сварщик
Фото: ERG

Кәсіпорын ұжымдары елдің ұзақ мерзімді даму бағытының тұрақтылығы мен айқындығы өнеркәсіп үшін шешуші мәнге ие екенін атап өтті. Осындай тұрақты ортада өндіріс дамып, жаңғыртылып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

металлург
Фото: ERG

Металлургтер алдағы референдумға азаматтардың қатысуының маңызын да ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, әр адамның таңдауы ел дамуының негізгі қағидаттарына тікелей әсер етеді.

– Жаңа Конституция еңбек адамының мүддесі, қауіпсіздік, өндірісті дамыту мен экономикалық тұрақтылықты өзара тығыз байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастыратын заманауи әрі орнықты модельді қалыптастырады. Бұл – өмір сапасына, инвестиция тартуға және елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне тікелей ықпал ететін берік негіз, – деді «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытының директоры Айтуған Ахметов.

Металлургтер қазақстандықтарды референдумға қатысып, өз ұстанымдарын білдіруге шақырды. Бүгін қабылданатын шешімдер елдің ертеңгі болашағын айқындайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум