Өнеркәсіпті қолдаудың әлеуметтік және экономикалық әсерін бағалау критерийлері нақтыланды

АСТАНА. KAZINFORM — Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың «әлеуметтік» және «экономикалық» әсері ұғымдарын нақтылау жөнінде шаралар қабылданды. Бұл ынталандыру жүйесін ашық, түсінікті етеді және нақты бір нәтижеге бағдарлайды.

аудит
Фото: ЖАП

2024 жылдың күзінде өнеркәсіптік-инновациялық қызметті ынталандыру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Тексеру Өнеркәсіпті дамыту қоры бірінші кезекте өнеркәсіптің негізгі салаларында елеулі әлеуметтік және экономикалық әсер беретін жобалар мен лизингтік мәмілелерді қаржыландыратынын көрсетті.

Алайда «QazIndustry» ұлттық даму институты» АҚ пайдаланатын Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау әдістемесінде осы уақытқа дейін «әлеуметтік» және «экономикалық» әсер деп нақты нені көздеуге болатыны туралы анықтама жоқ. Бұл мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану нәтижелерін объективті бағалауды қиындатады.

Жоғары аудиторлық палата Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне осы кемшілікті түзетуді тапсырды.

Нәтижесінде қолданыстағы Әдістемеде негізгі ұғымдардың мазмұны нақтыланды, сондай-ақ күтілетін әсерді есептеудің нақты тәртібі белгіленді. Атап айтқанда, енді мемлекеттік қолдау нәтижелерін бағалау кезінде әрбір шараның мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялардың мақсаттарына қол жеткізуге қосқан нақты үлесі ескерілетін болады.

Бұл өзгерістер мемлекеттің отандық өнеркәсіпті қолдау жүйесінің ашықтығы мен нәтижелілігін арттырады.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша берілген басқа да тапсырмалар мен ұсынымдардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады. 

Айта кетелік Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік аудиттен кейін 16 адам жауапқа тартылған еді

Соңғы жаңалықтар