09:44, 01 Шілде 2021 | GMT +5
Өңірлерде коронавирусқа қарсы вакцинация қарқыны қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы халықты егуде Алматы қаласы көш бастап тұр. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

2021 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен - 3 413 684 адам, II компонентпен 2 039 622 адам вакциналанды.
Коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар бойынша алдыңғы орында тұрған өңірлер:
Алматы қаласы – 302 257 адам (30 маусымдағы мәлімет - 298 003 адам);
Алматы облысы – 208 094 (205 356);
Түркістан облысы – 202 222 (194 870);
Шымкент қаласы – 159 881 (156 618);
Қарағанды облысы – 153 259 (151 194);
Нұр-Сұлтан қаласы – 152 063 (150 169).
Айта кетейік, 29 маусымда коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар саны - 1 954 372; 30 маусымда 2 000 596 адам болды.